Жаңалықтар

Офтальмолог жазда күннен қорғайтын көзілдірік кию керек екенін айтты

ашық дереккөзі

Офтальмолог жазда күннен қорғайтын көзілдірік кию керек екенін айтты

Офтальмолог Эльвира Сюняева Lentа-ға жазда күннен қорғайтын көзілдірік кию сән ғана емес, өмірлік қажеттілік екенін айтты деп хабарлайды turkystan.kz. Маманның айтуынша, көзілдірік киюден бас тарту көз патологиясының даму қаупін арттырады. «Егер сіз күннен қорғайтын көзілдірік киюге мән бермейтін болсаңыз немесе сапасыз дүниені таңдасаңыз, ультракүлгін сәуле көру мүшесінің құрылымдарында біртіндеп жиналып, көптеген бос радикал түзеді. Нәтижесінде, ақуыз қосылыстары мен рибонуклеин қышқылы жойылады. Бұл көру өткірлігінің төмендеуіне және патологияның барлық түрінің дамуына әкеледі», - деді дәрігер. Маманның айтуынша, ультракүлгін сәулелердің агрессивті әсерінен құрғақ көз синдромы, макулодистрофия (көздің торлы қабығының зақымдануы және орталық көру қабілетінің бұзылуы), фотокреатит (қабықтағы қабыну процесі), птеригиум (қабықтың орталық бөлігінде конъюнктиваның мөлдір емес тіндерінің өсуі) және катаракта қаупі артады.