«Жақында көрісеміз»: Тоқтарбек Таңатқан Қазақстандағы жанкүйерлеріне үндеу жолдады (ВИДЕО)
Бокстан әлем чемпионатында Қытай елінің атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан өзінің Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлеріне үндеу жолдады деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сәлем, қазақ еліндегі жанкүйерлерге. Барлықтарыңызға қолдап жатқандарыңызға рақмет. Жүрек басып, сөз қалдырып жатырсыздар. Кейбірін көрдім, кейбірін көре алмадым. Маған айтып жатыр «Қазақша білесің бе?» деп. Әрине, қазақша білеміз, сөйлейміз. Мен өзім Қытай еліндегі Алтай деген қаладан боламын. Бұл жерде қазақтар көп. Бәріңізге рақмет. Қолдай отырыңыздар. Жақында көрісеміз», - деді боксшы Instagram-дағы Storiеs бөлімінде.
Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатқан Ташкентте өткен әлем чемпионатының 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайға есе жіберді.