Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңілмеген ресейлік чемпионды нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

26 мамыр, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңілмеген ресейлік чемпионды нокаутқа жіберді (ВИДЕО) Алматыда өткен Noize FC 51 аралас жекпе-жек турнирінде бесінші  жекпе-жек өтті деп хабарлайды turkystan.kz. Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (17-0) қарындасы Сора Рахмонова (4-1) Naiza лигасының чемпионы, жеңіліп көрмеген ресейлік Валерия Карыгинамен (5-6-1) кездесті. Жекпе-жекте Рахмонова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Төреші екінші раундта жекпе-жекті тоқтатты деп жазады sports.kz. Осылайша, Сора Рахмонова кәсіби мансабында төртінші жеңіске жетті. Ал Валерия Карыгина Naiza-да бірінші, MMA-да жетінші жекпе-жекте жеңілді.