Сенбі, 10 Маусым, 2023

Бокстан әлем чемпиондарына Астанадан үш бөлмелі пәтер берілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бокстан әлем чемпиондарына үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті деп хабарлайды turkystan.kz.

Елордалық боксшылар Санжар Ташкенбай мен Нұрбек Оралбай Ташкентте өткен әлемдік турнирдің жеңімпазы атанды. Оларға бас қаладан баспана берілді.

«Елордалық боксшыларымыз 2023 жылғы Ташкентте өткен әлем чемпионатында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай алтын жүлдегер атанды! Бүгін оларға демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтердің кілттерін табыс еттік. Сол сияқты жаттықтырушылардың да еңбегін назардан тыс қалдырмадық.

Бұл жеңістің артында үлкен еңбек пен үздіксіз дайындық, спортшылардың өзіне деген сенімділігі жатыр! Боксшыларымыздың ары қарай да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруін тілеймін!», – деді Жеңіс Қасымбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жеңіс Қасымбек (@jenis_qasymbek)

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button