Найзағай түскен: СҚО-да даладан ер адамның денесі табылды

Найзағай түскен: СҚО-да даладан ер адамның денесі табылды

Найзағай түскен: СҚО-да даладан ер адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында 31 жастағы ер адам найзағай түсіп қайтыс болды деп хабарлайды turkystan.kz. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамыр күні Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметкерлеріне осы аудандағы Дайындық және Ленинское ауылдарының арасындағы алқаптан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. 31 жастағы жігіт бақташы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда ауылдың малын баққан екен. Оған найзағай түскені белгілі болды. Салдарынан ер адамның мінген жылқысы да оқиға орнында өлген. Осы дерекке қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.