Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді серіктес – Президент

Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді серіктес – Президент

Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді серіктес – Президент
ашық дереккөзі

Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес деп хабарлады turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесуінде осылай деді.

Президент Әмірліктер компанияларын ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы, тау-кен өндірісі, құрылыс, көлік және логистика, қаржы, туризм салаларындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.