Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Синоптиктер 27-29 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.
Қазақстанда ауа температурасы -батыс өңірлерде +32+37°С дейін; -солтүстік-батыста +30+35°С дейін; -солтүстікте +20+30°С дейін; -орталықта +20+28°С дейін; -оңтүстікте +30+38°С дейін ыстық болады; -оңтүстік-шығыста ауа температурасы +20+25°С-қа дейін, таулы аймақтарда +10+15°С дейін сәл төмендейді; -шығыста негізгі фон +23+28°C.