Мәжіліс қарауындағы мәселелер

Мәжіліс қарауындағы мәселелер

Мәжіліс қарауындағы мәселелер
ашық дереккөзі
24 мамырда Мәжілістің пленарлық отырысы өтті. Депутаттар жиында бірнеше заң жобасын талқылады, соның ішінде жаңа заң жобалары да бар. Атап айтқанда, қоғам назарындағы Ұлттық қор қаражатын балаларға беру, заңсыз елден шығарылған активтерді қайтару мәселелері бар. Активтерді қайтару туралы заң жобасы қаралды Палатаның комитеттері заңсыз сатып алынған активтерді төрт ілес­пе жобамен, атап айтқанда «Про­кура­тура туралы» Конституциялық заңға, Са­лық және Әкімшілік кодекстерге, сон­дай-ақ басқа да заңнамалық актілерге өз­герістер мен толықтырулар енгізу ар­қы­лы мемлекетке қайтармақ. Сонымен қатар «Заңсыз сатып алын­ған активтерді мемлекетке қайтару ту­ралы» заң жобасы және ілеспе заң жо­ба­лары қолданысқа енгеннен кейін Бас про­куратураға қарайтын заңсыз шыға­рыл­ған активтерді қайтару жөніндегі же­ке ведомство құрылады, ол осы сала­дағы уәкілетті органның функцияларын орындайтын болады. Бұдан басқа, мемлекетке қайтарылған ак­тивтерді жинақтау және басқару мә­селелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрыл­мақ. Қорытындыда қайтарылған актив­тер­ді Қазақстан халқының әл-ауқатын арт­тыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржылан­дыру­ға бағыттауға және осы процесте ашық­тық пен тиімділікке қол жеткізуге мүм­кіндік беретіні айтылды. Заңнама және сот-құқықтық коми­те­тінің қорытындысы бойынша, заң жо­­ба­ларын қабылдаудың мынадай оң әлеу­меттік-экономикалық салдары бар: қо­ғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қал­пына келтіру, заңсыз сатып алынған жә­не шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түр­де қайтаруды ынталандыру, активтер­ді заңсыз сатып алуға ықпал еткен се­бептер мен жағдайларды жою. Осылайша, комитет активтерді қай­тару саласындағы мемлекет­тік органдар мен ұйымдар жұмысының нақ­ты және ашық тетігі құрылатынын, заң жоба­ла­рын жұмысқа алуға дайын екенін мәлім­деді. Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық комитетінің хатшысы: 11 кодекс және 13 заңға түзету енгізіледі – Аталған бес заң жобасын «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №3 Жарлы­ғын орындау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі. Негізгі заң жобасы активтерді анық­тау және қайтару үшін қа­жет­ті заңнамалық негіздер мен жаңа құрал­дар­дың болмауына байланысты ак­тивтерді қай­тарудың тетіктерін ай­қын­дауға ба­ғыт­талған. «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жоба­сын әзірлеудің негізгі мақсаты – заңсыз са­тып алынған және шығарылған актив­тер­дің сақталуын, басқарылуын, өткі­зіл­уін және мемлекетке қайтарылуын қам­та­ма­сыз ету жөнінде шаралар қабылдау­мен, қамтамасыз ету шараларын қолдану­мен, шығу тегін растаумен, іздестірумен (ашу­мен) байланысты қоғамдық қаты­нас­тарды реттеу. Ілеспелі заң жобалар не­­­­гізгі заң жобасының ережелерін жүзеге асыру мақсатында әзірленді, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзету енгізілмек. Атап айтқанда, «Прокуратура туралы» Конс­титуциялық заңға, Азаматтық, Қыл­мыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ко­декстеріне және басқа да заңнамалық ак­тілеріне өзгерістер мен толықтырулар қарастырылады. Жалпы, 11 кодекс және 13 заңға түзету енгізу көзделіп отыр. «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы талқыланды Мәжілісте Ұлттық қордан балалар­ға төленетін төлемдерге қатыс­ты заң жобасының қорытындысын әзір­леу мәселесі қаралды. Заң жобасы Мем­лекет басшысының «Ұлттық қор – ба­лаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап іске қосу мақсатында әзір­ленген. Бастама бойынша Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысы­ның 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы шоттарында жинақталатын болады. Балалар қаражатты кәмелетке толған кезде тұрғын үй немесе жинақ есебінен білім алу үшін жұмсай алатын болады. Естеріңізге сала кетейік, Қаңтар оқи­ға­сынан кейін елімізде алғаш рет ұлттық байлықты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге бөлу туралы бастама көтерілген еді. Яғни, Ұлттық қордың ин­вес­тициялық табысының 50 пайызы ба­лаларға бірдей бөлінетін болады. Мәжілістің Қаржы және бюджет ко­митеті осы заң жобасын қарап, ол бойын­ша қорытынды әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді. Қазақстан мен Түркия арасында сауда процесі жеңілдетілмек Түркиямен ақпарат алмасуды ұйым­дастыру және кедендік бақы­лау рәсімдерін жеңілдету туралы келі­сім өткен жылдың мамыр айында жасалған болатын. 24 мамырдағы жалпы отырыста депутаттар келісімді ратифика­циялады. Құжат күшіне енгеннен кейін Қазақ­стан мен Түркия аумақтары арасында та­сы­малданатын тауарлар мен көлік құрал­дары туралы электронды ақпарат алмасу арқылы тиімділік артып, кедендік бақылау мерзімі қысқаруы қажет. Келісім мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­ла­тасы өкілдерінің қарауынан өткен. Қар­жы және бюджет комитеті заң жоба­сын қабылдауды ұсынып, жалпы отырыс­тың қарауына енгізуге болады деп мәлім­деді. Парламент Мәжілісінің барлық ко­ми­теті заң жобасын қолдайтынын біл­дірді. Сұйытылған газ айналымы реттеледі Мәжілістің жалпы отырысында «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйы­тыл­ған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңы екінші оқылымда қаралып, қа­был­данды. Бұл құжат 2023 жылғы 11 қаңтарда бірін­ші оқылымда мақұлданған болатын. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мәліметінше, жұмыс то­бына 65 түзету келіп түскен, олар жауап­ты министрліктер, ведомстволар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық және сараптамалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының жеті отырысында, Комитеттің кеңейтіл­ген отырыстарында қаралған. Сұйытылған газды пайдаланудың барын­ша ашықтығын қамтамасыз ету заң жобасының бірқатар нормалары ар­қылы іске асырылмақ. Экономикалық ре­форма және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева заң жо­ба­сы сұйытылған газды қарапайым тұр­ғындарға қолжетімді ету үшін әзірлен­генін айтты. Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы: Сұйытылған газ қолжетімді болады – Өткен жылдың басында Мемлекет бас­шысы газ саласын сапалы қайта жүк­теуді тапсырды. Сұйытылған газ – шек­теу­лі ресурс. Бір жағынан, газ тапшылығы өн­діріс көлемінің төмендігімен байла­ныс­ты. Бағаны үнемі шектеу зауыттардың жұ­мысын тиімсіз етеді. Екінші жағынан, газ нарығы өте жабық, жосықсыз делдал­дық және көлеңкелі экспорт бар. Бұл мәселені шешудің екі нұсқасы бар. Біріншісі – барлық бағаларды рет­теуді болдырмау. Ресурстың құны нарық­тық болады, бірнеше есе өседі. Бірақ жо­ғары бағамен өндіріс пен импорттың өсуіне байланысты тапшылық жойылады. Тағы бір жол – тапшы тауардың айна­лы­мын ашық басқару. Төмен баға сақта­ла­ды, тапшылық нарық пен тарату жүйе­сінің ашықтығы есебінен азаяды. Сұйытылған газ нарығын реттеудің на­рықтық және әлеуметтік моделі ара­сын­да екіншісі – әлеуметтік модель таң­дал­ды. Азаматтарымыз үшін сұйытылған газдың қолжетімділігі – заң жобасының бас­ты міндеті. Бұл заң жобасы – тапшы ре­сурстарды басқару процестерін авто­маттандыру кезеңдерінің бірі. Бұдан басқа, заң жобасында энерге­ти­ка саласындағы уәкілетті органға сұйы­тылған газға өндірістен бөлшек сау­даға дейінгі баға белгілеу әдіснамасын ай­қындау құқығын беру көзделген. Заң жо­басында ұсынылған сұйытылған газ на­рығын реттеу моделі оны қарапайым тұ­тынушыға қолжетімді етуге мүмкіндік береді.