Елорда туралы үздік әндерге байқау жарияланды

Елорда туралы үздік әндерге байқау жарияланды

Елорда туралы үздік әндерге байқау жарияланды
ашық дереккөзі
Байқауға қатысуға барлық қазақстандық сазгерлер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі (Қазақстан композиторлар одағымен бірлесе) ұйымдастырады. Конкурсқа Астана туралы мемлекеттік және орыс тілінде жарыққа шыққан әндер қабылданады. Үздік әндерді белгілі сазгерлерден және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайды. Ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады. Сондай-ақ, байқау қорытындысымен елордада «Ел жүрегі – Астана» атты гала-концерт ұйымдастырылып, озық шыққан үздік әндер сахна төрінде  шырқалады. Өтінімдер 2023 жылдың 10 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: elordainfo23@gmail.com. Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (778) 143 06 11, 8 778 155 61 11 (whatsapp)