Аш қарынға ішуге және жеуге болмайтын өнімдер

Аш қарынға ішуге және жеуге болмайтын өнімдер

Аш қарынға ішуге және жеуге болмайтын өнімдер
ашық дереккөзі
Мамандар аш қарынға бөтен тағамдар ішуге, жеуге болмайтынын айтады деп хабарлады turkystan.kz. Егер сізде гастрит, асқазан жарасы және ас қорыту жүйесінің басқа созылмалы проблемалары болса, аш қарынға жемістер, шырындар және кофе ішуге болмайды. Өйткені жеміс шырындары, кофе асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді. Өйткені олардың құрамында органикалық қышқылдар бар. Егер аш қарынға бір кесе кофе немесе шырын ішкеннен кейін ыңғайсыздық болса, онда бұл әдеттен бас тартқан жөн. Сонымен қатар аш қарынға қантты, газдалған сусындарды ішпеңіз. Себебі оларда қант өте көп. Содан кейін аш қарынға сағыз шайнауға болмайды. Бұл асқазан сөлінің бөлінуіне әкеледі. Асқазан бос болғандықтан, бөлінген сөл шырышты қабатты ерітіп, тоздырып жіберуі мүмкін. Ащы немесе құрамында дәмдеуіш көп тағамды аш қарынға жесеңіз, қыжыл пайда болып, асқазан ауруы мүмкін. Аш қарынға алкоголь ішуден жүрек, бауыр және бүйректер зақымдалады. Егер алкогольді аш қарынға ішсеңіз, ол бірден қанға өтіп, қантамырлардың кеңеюіне және артериялық қысымның түсуіне әкелуі мүмкін. Жаңа сығылған жемістер шырынын таңғы асқа ішу пайдалы деген пікір бар. Бірақ оны аш қарынға ішу ұсынылмайды. Себебі ол ұйқы безіне қосымша күш түсіреді.