Дүйсенбі, 29 Мамыр, 2023

Әлем чемпионатында сенсация жасаған қазақ боксшы Қытайда сый-құрметке бөленді

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатына Қытай құрамасының атынан қатысқан этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан күміс медаль жеңіп алғанын атап өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлемдік біріншілікте 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға жеткен еді. Финалдық жекпе-жекте қазақстандық Нұрбек Оралбайға есе жіберді.

Осылайша, әлем чемпионатынан күміс медальмен оралған боксшы Instagram парақшасында туған-туыстары мен жақындары гүлмен салтанатты түрде қарсы алған сәттен фотосуреттер жариялады. Фотосуреттердің бірінен боксшыға 200 мың юань (шамамен 12,6 миллион теңге) сомасында сертификат берілгенін көруге болады.

«Отбасыммен және достарыммен күміс медалімді тойлаған сәт. Туған қалаңнан қуат алған қандай жақсы» деп жазды спортшы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от tuohetaerbieke.tanglatihan (@tohtar75)

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Back to top button