Астанада тағы бір спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді

25 мамыр, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Астанада тағы бір спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді Астанада грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21-24 маусым аралығында өтетін құрлық біріншілігіне Қазақстан құрамасымен қатар, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Филиппин, Тәжікстан және Өзбекстанның жекпе-жек шеберлері қатысады.
«Азия чемпионаты жасөспірімдер, юниорлар, жастар, ересектер және 35 жастан асқан ардагерлер арасында өтеді», - деп жазылған хабарламада.