Дүйсенбі, 29 Мамыр, 2023

Абай облысында өрт 3 500 га аумаққа жайылды

Абай облысындағы өрт 3 500 гектар аумаққа жайылды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен – 5, Қорғаныс министрлігінен – 3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен – 2, барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 52 рет 130 тонна су ағызылды. Жалпы, барлығы 298 рет 745 тонна су себілді», – дейді ведомстводағылар.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 800-ден астам адам, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button