Жаңалықтар

«Мұғалім оқушы қызға азғындық әрекет жасаған» - министрлік мәлімдемесі

ашық дереккөзі

«Мұғалім оқушы қызға азғындық әрекет жасаған» - министрлік мәлімдемесі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Дене шынықтыру мұғалімі оқушы қызға тиіскені үшін айыпталып отыр деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Бұған дейін «Не молчи» қоғамдық қорының парақшасында ауыл мектебінде болған оқиғаның мән-жайы жарияланды. 14 жастағы оқушы қыз құрбыларымен бірге волейбол ойнаған. Сол кезде 53 жастағы дене шынықтыру мұғалімі оны кабинетіне кіргізіп алып, бетінен сүйген, кеудесінен ұстаған. Ал құрбылары іздеп келгеннен кейін жібере салған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл оқиға ерекше бақылауға алынды. «Біз ол жағдай туралы білеміз. Мен оны ерекше бақылауда ұстап отырмын. Қазіргі кезде мұғалім жұмыстан шеттетілді», - деді Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Ал балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова не себепті жұмыстан шығармағанын түсіндірді. «Осы факт анықталған бойда педагог жұмыстан шеттетілді. Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр. Ал мұғалімді жұмыстан шығару мәселесі соттың үкімімен шешіледі. Сондықтан біз соттың шешімін күтеміз», - деп атап көрсетті Оспанова.