Жаңалықтар

Көздің көру қабілетін жақсартатын тағамдар

ашық дереккөзі

Көздің көру қабілетін жақсартатын тағамдар

Қазіргі кезде көзілдірік кимейтін адам жоқтың қасы. Ал мамандар дұрыс әрі пайдалы тамақтану және компьютер, гаджеттерді қолдану уақытын қысқарту көздің өткірлігін қайта қалпына келтіруге себеп болатынын айтады. Олай болса, көзге пайдалы өнімдерді атап өтейік.

Сәбіз – құрамында каротин көп болғандықтан, көру қабілетін жақсартады.

Қаражидек – А дәрумені және көз денсаулығына пайдалы басқа да элементтерге бай.

Шпинат – құрамындағы лютеин катаракта мен көздің басқа ауруларының алдын алады.

Жүгері, брокколи – құрамында антиоксиданттар көп, катаракта ның алдын алады.

Шабдалы – калий мен А дәруменіне бай.

Итмұрын, цитрусты жемістер – С дәрумені бар бұл өнімдер жалпы көру қабілетін жақсартады.

Бидай дәндері, жаңғақтар мен дәнді дақылдар – Е және В дәрумендеріне бай.

Майшабақ – құрамында D дәрумені және май қышқылдары көп.

Қызылша – құрамында С дәрумені мен калий бар, тазартқыш әсері бар.

Пияз, сарымсақ – көру қабілетін жақсартатын күкіртке бай, тромбоздың алдын алады.