Жаңалықтар

Ғылым қоры TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды

ашық дереккөзі

Ғылым қоры TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды

Ғылым қоры «Коммерцияландыру реакторы» қарсаңында «АӨК саласындағы ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелері» тақырыбында TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясымен және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. ҚР ҰҒА вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры А.Қ.Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі. Диалог алаңының жұмысына Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, егіншілік және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, малшаруашылығы және жемшөп өндірісі, жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, агробизнес, шаруа және фермер қожалықтарының өкілдері қатысты. Ғылым Қорының Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов атап өткендей, «мұндай TCP алаңдарын өткізу дәстүрге айналды.