Заңсыз бөлінген жерді мемлекетке қайтару жұмысы талқыланды
Заңсыз бөлінген жерді мемлекетке қайтару жұмысы талқыланды
Ақмола облысында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтіп, онда пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы талқыланды.
Биыл облыстық жер ресурстарын пайдалану басқармасы өңірдегі 174 мың гектар аумақта 38 тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде 19 заң бұзушылық анықталды.
Бүгінде өңірде пайдаланылмай жатқан 52,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 13,4 мың гектарын меншік иелері өз еркімен қайтарса, 17,8 мыңгектардың жалға беру мерзімі аяқталды. Сот шешімі бойынша 21,3 мың гектар жермемлекет меншігіне берілді. Ал 34 мың гектар жер бойынша іс сотта қаралуда. Сондай-ақ аталған басқарма бұған дейін берілген жерді пайдалану жұмысын реттеу арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 191,1 мың гектар жер қосты.
Жалпы «Жер аманаты» комиссиясы өз жұмысын бастағаннан бері осы облыста мемлекет меншігіне былтыр 302 мың гектар, ал биылғы 5 айда 243 мың гектар жер қайтарылды.
Жиын соңында облыстық комиссияның мүшелері тиісті ұсыныстар қабылдап, оны мемлекеттік органдарға жолдады.