Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару оңай жұмыс емес – министр

Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару оңай жұмыс емес – министр

Соңғы қоңырауды 25 мамырға қайтару оңай жұмыс емес – министр
ашық дереккөзі
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауды 25 мамырға қайта ауыстыру жөнінде сұрақтарға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біріншіден, бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты. Соңғы қоңырауды қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына ауысу немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруы болуы мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында жіті, дұрыс сараптама өткізіп, шешім қабылдау керек», - деді министр.