Шетелдік компаниялардың Қазақстанға қанша қарызы бар?

Шетелдік компаниялардың Қазақстанға қанша қарызы бар?

Шетелдік компаниялардың Қазақстанға қанша қарызы бар?
ашық дереккөзі
Бас прокуратура шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша миллиард қарыз екені туралы сұраққа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының инвестиция тарту бойынша шаралар қабылдау мәселесіне қатысты сауалына берген жауабында, Қазақстанда заңды тұлға болып құрылған компаниялардың схемасын пайдаланып, үшінші елдің адамдары салық төлеуден жалтарып, қаражатты көлеңкелі айналымға шығарғаны, жалған шот-фактураларды бергені үшін жазаланатынын айтты.
"Іскерлік иммиграциялық визасы жоқ кәсіпорындардың қызметін іріктеп талдау нәтижесінде 198 компанияның 4,1 миллиард теңгеге салық берешегі анықталды, 1,5 мыңнан астамы тіркелген жерінде жоқ және 2 мыңға жуық фирма әрекетсіз", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, аталған салық төлеушілерге қарсы талап-арыздарды бергенге дейін, бас прокурордың айтуынша, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салықтық сараптама жүргізіледі, шот бойынша шығыс операциялары негіз болған жағдайда шектеледі (берешек, хабарламаларды орындамау және т.б.), жетіспейтін тауарларға электрон шот-фактуралар анықталады, активтердің бар-жоғы, салық міндеттемелерінің орындалуы, салық жүктемесінің коэффициенті деңгейі анықталады.