ҰБТ-да кімдерге жеңілдік жасалады?

ҰБТ-да кімдерге жеңілдік жасалады?

ҰБТ-да кімдерге жеңілдік жасалады?
ашық дереккөзі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар түсушілердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін әртүрлі шара қабылдауды жалғастырып жатыр деп жазды turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
«Өткен жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру уақытын 40 минутқа ұзарту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Егер 2021 жылы ҰБТ-ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», - дейді  ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Айта кетейік, қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар түсушілерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.