Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: бүгін ауа райы қандай болады?

25 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: бүгін ауа райы қандай болады? Қазгидромет 25 мамыр күні атмосфералық бөліктердің өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деген болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады. Сондай-ақ Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.