Димаш өзінің өмірі туралы бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Димаш өзінің өмірі туралы бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Димаш өзінің өмірі туралы бейнебаян түсірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
24 мамырда, туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйеріне арнаған «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады деп хабарлады turkystan.kz. «Өмір» – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы, онда әртіс өз-өзімен іштей монолог жүргізеді. Дыбыссыз реңктерде орындалған музыкалық бейне MOOD video жанрында түсірілген.
«Клипті қарау кезінде көрермендер проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді, онда Димашпен бірге оның өміріндегі ең жарқын сәттерді тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, I am Singer байқауындағы жеңісі, оның сүйікті Dears, қызықты адамдармен танысу және ұмытылмас концерттері туралы…»  деп жазды әншінің жеке сайты.
Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей.
«Өмір» – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды. Менің туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқындарға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдармандарыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы», – деп бөлісті әртіс.
https://www.youtube.com/watch?v=s0YAKickgBA&ab_channel=DimashQudaibergen