Аудан әкімі отставкаға кетті
Аудан әкімі отставкаға кетті
Бұдан бұрын хабарланғандай, Кенжеғарин зейнеткер Мұхтар Омархановтың өтініші бойынша жауапкершілікке тартылған. Ол Алтынсарин ауданы Малая Чураковка кентіндегі Омархановқа тиесілі үйді заңсыз жекешелендіріп, оны 3 млн. теңгеге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша балдызына сатқан. Кенжеғарин Алтынсарин ауданында ауыл шаруашылығы бөлімін басқарған. Аудандық мәслихаттың хатшысы болды. 2012 жылы Жанкелді ауданы әкімі лауазымына ауысқан. Үйді өз атына аударуды депутат лауазымында болған кезде жүзеге асырған. Агенттікке берген сұхбатында Омарханов шенеуніктің әрекетін алаяқтық деп санайтынын жеткізді. «Сот оған және осы заңсыздыққа жол беруге көмектескендерге әділ шешімін шығарады деп үміттенемін», - деді Омарханов.