Жаңалықтар

Қазақстандық компанияның Ресейге дрон жеткізіп отырғаны рас па? – Министр жауабы

ашық дереккөзі

Қазақстандық компанияның Ресейге дрон жеткізіп отырғаны рас па? – Министр жауабы

Ақпарат құралдарында «Аспан Арба» компаниясы Ресейге 500 дрон жібергені туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев түсінік берді деп жазады turkystan.kz.

«Егер біз оны көретін болсақ, тиісті шаралар қабылдаймыз. Екі ел арасында тиісті келіссөз бар. Бізге сондай ақпарат келіп түссе, ондай тауарларды жібермейміз. Ал былай кез келген кәсіпкерді ұстап алып, тәртіп бұзушы ретінде қарастыра алмаймыз ғой.

Олар өздерінің ойларын бөлісті.  Қазақстанға, Қырғызстан, Өзбекстанға барды. Делегация мұндай тауарларды анықтаса, тізімін жібереді. Соғыс  болып жатқан жерден айғақтар табылғанын айтады», - дейді Ерұлан Жамаубаев.