Ауылдық жерлерде тұратын 20 мың оқушы жазғы лагерьде тегін демалады
Ауылдық жерлерде тұратын 20 мың оқушы жазғы лагерьде тегін демалады
«Қазақстан халқына» қоры Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып «QH жаздық жолдама» қайырымдылық жобасын бекітті деп хабарлады turkystan.kz.
Жобаға оқуда озат, мектептің қоғамдық және мәдени өмірінде белсенді оқушылар қатыса алады.
«Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары оқушылардың физикалық, психологиялық және моральдық-өнегелілік дамуы үшін қолайлы жағдайлары бар 30 лагерьді таңдап алды. Өңірлік білім басқармалары мектеп ұсынған тізімдегі балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті», - делінген хабарламада.
Қор осы бағытта 1,94 млрд теңге қаржы бөледі.