Жұмыртқа Қытайдан жеткізіле ме?

Жұмыртқа Қытайдан жеткізіле ме?

Жұмыртқа Қытайдан жеткізіле ме?
ашық дереккөзі
Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов қытайлықтардың құс жұмыртқасын жасанды жолмен өндіріп жатқан видеосына байланысты пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ретте ол министрлік мамандары осы роликтерді көргенін, сондай-ақ жақында тағы бір роликте олар басқа да азық-түлік өнімдерін осындай жолмен дайындап жатқаны көрсетілгендігін айтты. «Бұлардың барлығы әдейі жіберілген бейнекөріністер болуы мүмкін», - деді Айтуғанов. Осы орайда бірінші вице-министрге тілшілер тарапынан «Қазақстан Қытайдан жұмыртқа импорттай ма?» деген сұрақ қойылды. «Қытайдан елімізге ауқымды көлемде жұмыртқа тасымалданып жатыр деп айта алмаймыз. Бүгінде тауық жұмыртқасы бойынша Қазақстан ішкі қажеттілікті толықтай қамтамасыз етіп отыр. Қытай тарапы бізден жұмыртқаны, сондай-ақ басқа да өнімдерді өздеріне тасып жатыр, себебі, қазақстандық тауарлар экологиялық тұрғыда таза екені белгілі. Бұл тұрғыда керісінше тауарлар Қазақстаннан экспортталуы тиіс», - деді ол. Бұған дейін тауық етіне арнайы сұйық егіліп, инеден соң демде ісініп шығатын, салмағын үлкейтіп жатқан видео ғаламторды шарлап кеткен еді. Көпшілік бұған тіпті таңқалмайды да, себебі барлық тауықтың еті осылай жасалады деген пікір қалыптасып қалса керек.