Сәжде жасады: Роналду жеңіс голын ерекше тойлады (ВИДЕО)

Сәжде жасады: Роналду жеңіс голын ерекше тойлады (ВИДЕО)

Сәжде жасады: Роналду жеңіс голын ерекше тойлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Криштиану Роналду «Әл-Шабаб» командасы қақпасына соққан голын бұрынғысынан өзгерек тойлады. Бұл жолы танымал футболшы басын сәждеге қойды деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.   Ойында «Әл-Наср» командасы 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, камбек жасады. 59-минутта Роналду соққан гол командасына жеңіс сыйлады. Португалиялық футболшының алыстан қия тепкен добын қонақтар қақпашысы қайтара алмады. Криштианудың голды тойлаған сәті жанкүйерлерді таңғалдырды. Негізі, сәждені мұсылмандар намаз оқығанда, Құран бағыштап, Аллаға құлшылық еткенде жасайды. Футболшының бұл әрекеті өзі тұрып жатқан елдің (Сауд Арабиясы) мәдениеті мен мұсылман жұртшылығына құрметі іспетті болды.