Жаңалықтар

Аманаттықтар жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жалғастыруда

ашық дереккөзі

Аманаттықтар жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысын жалғастыруда

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жыл 304,1 мың га жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысында айтылды. Енді бұл жер учаскелерін ауыл тұрғындары жеке мал жаю және шабындық үшін пайдаланады. «Жер аманаты» облыстық комиссиясының тікелей араласуымен өткен жылы пайдаланылмай және заңсыз жеке меншікке өтіп кеткен 304,1 мың га ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың айтуынша, қайтарылған жердің 40,4 мың гектары конкурс арқылы жалға, 40,3 мың гектары ауыл тұрғындарына берілген. Қазіргі уақытта қалған 223,4 мың гектарды ауыл тұрғындарына беру үшін жер-кадастрлық құжаттаманы ресімдеу жалғасуда. Бұған дейін «Жер аманаты» республикалық комиссиясының бастамасымен әрбір ауылдық елді мекен үшін жайылымдық алқаптардың тапшылығын және мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесі көрсетілген jerkarta.gharysh.kz интерактивті картасы әзірленген болатын. Жалпы еліміз бойынша өткен жылы «Жер аманаты» комиссиясының тікелей көмегімен пайдаланылмай жатқан 5 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Еске сала кетейік, жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының  8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.