Астанада соңғы қоңырау қашан соғылады?
Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар үшін соңғы қоңырау қашан соғылатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
31 мамыр – жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және сол күні сынып сағаты өтеді.
«Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды. 1 маусым – Балаларды қорғау күні – 4, 9 және 11-сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл Астанада 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайды», - делінген хабарламада.
Маусымның алғашқы онкүндігінде 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады. Ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар маусымның 5-19 аралығында өтеді. 22 маусым күні түлектерге аттестат беріледі.