Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді

Астанада ер адам әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберді
ашық дереккөзі
Астана тұрғыны әйелінің маңдайын пышақпен тіліп жіберген. Абырой болғанда, келіншек аман қалды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Айнұрдың тұрмысқа шыққанына 3 ай болыпты. Содан бері күйеуі тыныштық бермей ұрып-соғады екен. Тіпті, қолына суық қару алып қақ маңдайын тілгілеген.
 «3-4 рет үндеген жоқпын. Себебі менің жасым 31-де. Ал ол 1968 жылғы, әкемен жасты. Алдымен құлағымнан ұрды, кейін пышақпен тілді», - деді қала тұрғыны Айнұр.
Айнұр секілді отбасындағы жанжалдан зардап шеккен әйелдер «Үміт» дағдарыс орталығына орналастырылады. Орталықта қазір 61 адам тұрады.
«Ең бірінші, біз психологиялық көмек көрсетеміз. Кейін әлеуметтік жағынан көмек беріледі. Заңгерлеріміз алимент өндіруге көмектеседі», - деді «Үміт» дағдарыс орталығының қызметкері Жұлдыз Баймағанбетова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 102 нөміріне зорлық зомбылық шағымымен күніне 40-50 қоңырау түседі. Былтыр 17 мыңға жуық арыз тіркелген. Биыл ол көрсеткіш артпаса, кем емес дейді.
 «Әйел адамның немесе жәбірленушінің денесінде, жалпы өзіңде қандай да бір зорлық зомбылықтың іздері болатын болса, сол арқылы және бейнежазба арқылы ауызша көршілерінің, туыстарының хабарламалары арқылы хаттама толтырылып, материалды сотқа жіберуге бізде мүмкіндік болады», - деді қалалық ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.