Мәжіліс депутаты ақша үшін хиджаб кигендер туралы ойын айтты

Мәжіліс депутаты ақша үшін хиджаб кигендер туралы ойын айтты

Мәжіліс депутаты ақша үшін хиджаб кигендер туралы ойын айтты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстандағы хиджаб киген қыз-келіншектер туралы пікір білдірді, - деп хабарлады turkystan.kz. 
Халық қалаулысы Ulysmedia тілшісінің «Өнер саласында жүрген миллиондаған оқымандары бар қыз-келіншектер оранып кетті. Олар қазір көп сынға ұшырап жатыр. Осы мәселені бақылап отырсыз ба және екіге жарылған тараптың ойы дұрыс па, бұрыс па?» деген сұрағына жауап берді.
Бұл жерде екі мәселе бар. Біріншісі – адамның ұстанымы, оның ішінде діни ұстанымы. Егер адам өз еркімен осындай жолға түстім, тақуалыққа бет бұрдым десе, ол сол адамның жеке құқығы. Оған теріс пікір айтудың немесе қолдаудың қажеті жоқ. Екінші жағынан, оның артында бизнес тұруы мүмкін деген пікір бар. Жақында ғана Парламент онлайн жарнамаға қатысты заң жобасын жұмысқа алды. Егер желідегі контенттің ақысы төленген болса, салығын төлесін, жарнаманың ақылы екенін көрсетсін. Мәселен, теледидарды қоссаңыз, жаңалықтың жаңалық екені, жарнаманың жарнама екені айқын көрініп тұрады. Газет-журналдарда да ақылы материалдар арнайы белгімен таңбаланады, - деді Айдос Сарым.
Мәжілісмен қоғамдағы кейбір азаматтардың араб елдерінің киім үлгісіне еліктейтінін айтады.
Қазақ әйелдері орамал тақты, кимешек киді. Біз өзіміздің этно-мәдени құндылықтарымызды, дәстүрлерімізді дәріптеуіміз керек. Оның ішінде, сән саласында да. Жуырда Президенттің өзі айтты емес пе, біз әдемі бешпент, қамзолдарымызды тек мереке кезінде ғана емес, күнделікті тұрмысымыздың бір бөлігіне айналдыруымыз керек. Сонда ғана ұлт ретіндегі ерекшелігімізді көрсете аламыз. Айталық, қырғыздар қайда барса да айырқалпағын бастарынан тастамайды, – деп түсіндірді депутат.