Жаңалықтар

Смайылов Дохада Power International Holding төрағасымен кездесті

ашық дереккөзі

Смайылов Дохада Power International Holding төрағасымен кездесті

Доха қаласында өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті деп хабарлады turkystan.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Power International Holding – Таяу Шығыстағы ірі конгломераттардың бірі. Оның қатысуымен футболдан Әлем чемпионаты қарсаңында Қатарда үлкен объектілер салынды. Холдингтің негізгі бағыттары құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау сынды салаларды қамтиды. «Бұлардың барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым секторлар болып табылады. Біздің өзара тиімді серіктестікті дамытуға зор әлеует бар», — деді Премьер-министр. Сондай-ақ Үкімет басшысы Power International Holding-і Қатар мен Қазақстан арасында әріптестік байланысты орнату және дамытуда өзіндік көшбасшыға айналғанын атап өтті.