Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті

Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті

Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Алматылық «Қайрат» футзал клубы бас бапкер Паоло Рикардо Каканың қызметінен кеткені жөнінде мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бразилиялық маман келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтағы қызметін аяқтады. Кака алматылық клубқа қызметке 2018 жылы келді. Содан бері қазақстандық футзалдың танымалдығын арттыруға күш салды. Оның жетекшілігімен команда түрлі жарыстарда 242 ойын өткізді. Оның 202-де жеңіске жетіп, 21-де тең түссе, 19 мәрте қарсыласына есе жіберді. Команда 5 мәрте Қазақстан чемпионы атанса, төрт-төрттен Қазақстан кубогы мен суперкубогын төбесіне көтерді. 2018/19 жылдары чемпиондар лигасы финалына шықса, 2020/21 жылдары жартылай финалға дейін жетті.