Алматы облысында ұрланған 20 жылқы Түркістаннан табылды

Алматы облысында ұрланған 20 жылқы Түркістаннан табылды

Алматы облысында ұрланған 20 жылқы Түркістаннан табылды
ашық дереккөзі
Алматы облысында жалпы сомасы 15,1 млн теңге болатын 20 бас жылқыны ұрлағандар қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Кеген ауданының полиция бөліміне Сарыкөл ауылының 59 жастағы тұрғыны Қарқара кентінің маңындағы жайылымнан құны 15,1 млн теңге болатын 20 бас жылқысының ұрланғаны жайында арызданған болатын деп жазды Polisia.kz.  Дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі 2-тармағының (Мал ұрлау) белгілері бойынша аудандық полицияның СДТБТ-да тіркелді. Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері Кеген ауданы КПБ қызметкерлерімен бірлесіп, 18 мамыр күні 28, 27 және 26 жастағы үш күдіктіні ұстады. Қазір тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Ұрланған мал Түркістан облысының Қарабұлақ ауылынан табылып, тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.  width=