Орман өрті өршіді: Абай тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр

Орман өрті өршіді: Абай тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр

Орман өрті өршіді: Абай тұрғындары үйлерін тастап кетіп жатыр
ашық дереккөзі
Абай облысындағы орман өртінің салдарынан Бородулиха ауданы Березовка ауылының тұрғындары өрт ошағына жақын орналасқан үйлерін өз бетінше тастап кетіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Онда барлығы 107 адам тұрады деп хабарлады «Хабар 24».  Облыстық ТЖД елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді. Алайда өртке жақын орналасқан 2 ауылдың тұрғындары үшін эвакуация жарияланған жағдайда автобустар дайындалған. Айта кетейік, құтқарушылар мен орманшылар кешеден бері қызыл жалынмен арпалысып жатыр. 400-ден астам адам, 100-ге тарта техника мен 2 тікұшақ жұмылдырылды. Бүгін қатты жел болып, өртті сөндіру қиындап кетті. Таңертеңнен бері тікұшақтар көктен 157 тонна су шашқан. Алдын ала болжам бойынша, 1,5 мың гектарға жуық алқап өртеніп кетті.
«Бородулиха ауылында апайым тұрады. Соған кетіп бара жатырмыз. Кеше аз болған. Қазір жақындап қалды. Полиция келіп айтты», - дейді Березовка ауылының тұрғыны Ерлан Биғазиев. «Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен тұрғындарды көшіру үшін автобус дайындап қойдық. Халыққа түсіндіру жұмысын жүргіздік», -  деді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.