Жеңілмеген қазақ боксшы Сұлтан Зәуірбектің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Екінші жеңіл салмақтағы боксшы Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 KO) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазақстандық осы жылдың маусым айында шаршы алаңға оралады. Боксшының алдағы жекпе-жегі Англияда өтеді. Қазір өзі сол жақта жаттығып жатыр. 10 маусымда Лондондағы «Уэмбли» стадионында немесе 24 маусымда Ньюкаслда өнер көрсетуі мүмкін. Қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.
Қазір қазақстандық боксшы IBF рейтингінде - 14, WBA тізімінде 13-орында.
Соңғы рет осы наурыз айында жекпе-жек өткізген болатын. Болтондағы (Англия) бокс кешінде аргентиналық Факундо Арсені (15-9-2, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңді.