Жаңалықтар

Түркістандағы мал базарында қасапшы әріптесін бауыздаған

ашық дереккөзі

Түркістандағы мал базарында қасапшы әріптесін бауыздаған

Мал базарында өз әріптесін бірнеше жерінен пышақтаған 30 жастағы ер адам 11 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қанды қылмыс биыл ақпан айында болған. Мал союға таласып қалған қос жігіт жұрттың көзінше төбелескен. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген. Бауыздалған 31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты. Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп санайды. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші. «ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын», - дейді марқұмның анасы Құрбанкүл Дайрабаева.