Жаңалықтар

Президент Италия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

ашық дереккөзі

Президент Италия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ мемлекет басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.