Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесі табылды
ашық дереккөзі
Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін табылды, - деп хабарлады  turkystan.kz. 
Республикалық жедел-құтқару жасағындағылар оның мүрдесін Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан кезіктірген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БАО-дан алыс емес жерде Аю-Сай шатқалында 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.
Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамырда туристік мақсатта келген. 22-сі күні таңғы сағат 7-де олар кері ұшып кетуі керек болған.