Жаңалықтар

Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесі табылды

ашық дереккөзі

Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен Аустралия азаматының денесін табылды, - деп хабарлады  turkystan.kz.  Республикалық жедел-құтқару жасағындағылар оның мүрдесін Мәйіт Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан кезіктірген. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БАО-дан алыс емес жерде Аю-Сай шатқалында 1995 жылы туған Herd Jake Michael-дың денесі табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады. Жеке заттары өзімен бірге болды. Кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов. Жоғалған адамды соңғы рет әріптесі көрген. Оның айтуынша, олар Алматыға 20 мамырда туристік мақсатта келген. 22-сі күні таңғы сағат 7-де олар кері ұшып кетуі керек болған.