Еуразия бестігінде зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін

Еуразия бестігінде зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін

Еуразия бестігінде зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін
ашық дереккөзі
Еуразия бестігінде зейнетақы жүйесі өзгеруі мүмкін деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ресей, Беларусь, Армения немесе Қырғызстанда жұмыс істейтін қазақстандықтардың шетелдегі еңбек өтілімі зейнетақы төлеуде енді ескерусіз қалмайды. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісімде жазылған. Құжат жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісімнің талқыға салынып жүргені қашан. Төлемнің мөлшері әр мемлекеттің заңына сәйкес бекітілетіні белгілі. Бірақ шешімін таппаған бірнеше мәселе бар. Мысалы, зейнетақы жүйесі, еңбек өтіліне қойылатын талап әр елде әртүрлі. Нәпақаның көлемі де бірдей емес. Статистикаға сүйенсек, ең жоғары зейнетақы Ресейде. Қазақстанда да зейнеткерлерін ренжітпеуге тырысады. Үшінші орында Беларусь тұр. Ал Армения мен Қырғызстан - көш соңында. Паиза Суюмбаева, ЕЭК департаментінің директоры: - Зейнетақы алу үшін азаматтың жасы мен еңбек өтіліне қарайды. Ресейде бұған 2015 жылдың қаңтар айынан бастап ұпайлар қосылатын болды. Қартайған шағын алаңсыз өткіземін деген адамға 30 ұпай жинау керек. Бірақ Қырғызстан, Қазақстан мен Арменияда балдық жүйе жоқ. Сергей Евдокимов, ЕЭК әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы: - Егер азаматтар Ресейден басқа шетелдерде жұмыс істесе, онда оның коэффициентін қалай санаймыз? Мәселе осында. Ресей өзінен өзге мемлекеттерде жұмыс істеп, жинаған еңбек өтіліне бір ғана коэффициент қосуды ұсынып отыр. Онымен Беларусь келіседі. Бірақ қалғандары бұл көрсеткіш екіден аз болмауын талап етуде. Әйтпесе, Ресейде еңбек ететін шетелдіктердің құқығы бірдей болмайды. Енді шетелде жұмыс істеген азаматтың сол уақыт аралығындағы зейнетақысын сол мемлекет төлейтін болады. Бұл – зейнетақы келісімінің жобасында қарастырылған норма. Сергей Евдокимов, ЕЭК әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы: - Қазір біз осындай мүмкіндікті қарастырып отырмыз. Егер Қазақстан азаматы Мәскеуде немесе Минскіде еңбек етсе, онда зейнетақыны Ресей не Беларусь төлеп отырады. Зейнетақы келісімі жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін. Бұл құжатта зейнетақыны төлеу тәртібі, бір елден екінші елге қоныс аударғанда азаматтардың құқықтарын сақтау секілді мәселелер де ескерусіз қалмайды.