Жаңалықтар

Қазақстанның қай аймағында фастфуд қымбаттады?

ашық дереккөзі

Қазақстанның қай аймағында фастфуд қымбаттады?

Сәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жылдық мәнде баға 15,9%-ға өскен. Бір айда Солтүстік Қазақстан облысында баға 5,7%-ға көтерілді. Үштікке Жамбыл (4%) мен Жетісу (2,2%) облыстары да кірген. «Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстары, Шымкент қаласында (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында қатты қымбаттады. Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді», - делінген хабарламада.