Қазақстанда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Қазақстанда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Қазақстанда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?
ашық дереккөзі
1 мамырдағы жағдай бойынша 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.
«АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады», - делінген хабарламада.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша ақшалай төлем түріне ауыстырылды.
«1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды», - делінген хабарламада.