37 жастағы Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі болып тағайындалды

37 жастағы Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі болып тағайындалды

37 жастағы Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің және  Мұғалжар аудандық мәслихатының келісімімен Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Дархан Ермағанбетов 1986 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген.  Білімі жоғары: 2008 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2012 жылы  Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2017 жылы Нархоз университетін бітірген. 2008 – 2014 жылдары Ақтөбе облысының  Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастап, түрлі облыстық басқармаларда қызмет атқарған. 2014 – 2020 жылдары аралығында Ақтөбе облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы лауазымдарында еңбек еткен. 2020 жылдың наурыз  айынан бастап Әйтеке би ауданының  әкімі қызметін атқарып келді.