Павлодарда 6 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда 6 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда 6 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті
ашық дереккөзі
Павлодарда 6 жастағы бүлдіршін 8-қабаттың терезесінен құлап, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 21 мамыр күні Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне қоңырау сағат 20.16-да түскен.
«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті.  Сегізінші қабаттан сәбидің құлап кеткені анықталды», – деді басқармада.
Белгілі болғандай, 2017 жылы туған ұл бала ауыр жарақат алып, көз жұмған.