«Шымкентский вариант»: «Ордабасы» басшылығы неге жалған ақпарат таратты

«Шымкентский вариант»: «Ордабасы» басшылығы неге жалған ақпарат таратты

«Шымкентский вариант»: «Ордабасы» басшылығы неге жалған ақпарат таратты
ашық дереккөзі
«Ордабасы» футбол клубының басшылығы Алматыдағы рекордты жаңартамыз деп Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына жалған ақпарат берген, - деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл туралы ВКонтакте желісіндегі Goal.kz және «Я там где КПЛ» парақшалары жазды. Шымкенттік клубтың қызметкерлері хаттамаға «Ордабасы» - «Оқжетпес» арасындағы кездесуді тамашалауға 22 168 көрермен жиналды деп мәлімет берді. Негізінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионға 20 000 адам ғана сыяды.   Оның үстіне ойын кезінде аншлаг болмаған. Тікелей эфир кезінде бос орындардың бар екені анықталды.