Медбикені балағаттаған: 42 жастағы атыраулық азамат жауапқа тартылды

22 мамыр, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Медбикені балағаттаған: 42 жастағы атыраулық азамат жауапқа тартылды Атырау тұрғыны ауруханадағы медбикеге дөрекілік танытып, былапыт сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz. Атырау қалалық Полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, 42 жастағы ер адам облыстық ауруханаға ем алу үшін барған.
«Ол айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған. Аталған дерек бойынша 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», - деп хабарлады қалалық Полиция басқармасынан.
Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, сот қаулысымен 1981 жылғы азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.