Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
21 мамырда Toyota автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Мас жүргізуші таңғы сағат 6-да Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылымен қиылысқан жерінде оны тоқтатуға тырысқан тәртіп сақшысын қағып кеткен.
«Toyota жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талаптарына бағынбай, ізін суытуға тырысқан. Алайда ол Желтоқсан мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында бағдаршам бағанасына соғылған. Полиция қызметкері мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Бұл деректі Медеу аудандық ПБ тергеп жатыр.