«Ұрпаққа аманат»: Тұғырлы тұлғалар – ұлт мақтанышы

«Ұрпаққа аманат»: Тұғырлы тұлғалар – ұлт мақтанышы

«Ұрпаққа аманат»: Тұғырлы тұлғалар – ұлт мақтанышы
ашық дереккөзі

Атырау облысындағы Х.Досмұхамедов атындағы университетте «AMANAT» партиясы жанындағы өңірлік «MIRAS» кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі өтті.

Аталған дәріс ұлтымыздың аса көрнекті тұлғалары Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына және Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына, Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына арналды.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушыларға көрме-экспозиция таныстырылып, онда тұғырлы тұлғалардың 30-дан астам қолжазба еңбегі, ақындардың шығармалары жинақталған кітаптар қойылды.

 width=

Дәріске өңірлік «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сәрсембаев, аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студент-жастар қатысты.

«Тұлға ұғымы – тарихи өлшем. Ел алдында ілкімді ісімен, бөлек болмысымен дараланған адамдарды халық әрдайым жоғары бағалап отырды. Осылайша, есімі елге танылған азаматтар халықтың тұғырлы тұлғасына айналды. Сондай азаматтардың арқасында қазақ жері жау қолына өтпеді, мәйекті мәдениетіміз өшпеді. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс», – деді кеңес төрағасы.

Сондай-ақ қоғамдық дәрісте «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ руханиятындағы рөлі» тақырыбында философия ғылымдарының докторы, профессор Өмірбек Бекежан, «Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларындағы Тәуелсіздік идеясы» тақырыбында Х.Б.Табылдиев атындағы «Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сайпулла Сапанов және «Қоғам және мемлекет қайраткері – Халел Досмұхамедұлы» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, халелтанушы Ғабит Базарғалиев мазмұнды баяндама жасады.

 width=