Ақордада Сингапур президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Сингапур президенті Халима Якобты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың Әнұрандары орындалды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.